Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл Сыр өңірінде бизнеске 38 млрд. теңге тартылады

Биыл Сыр өңірінде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығының соңғы жылына қадам бастық. Өткен жылы кәсіпкерлікті дамытуда әртүрлі қаржы көзінен 44 млрд. теңге қаражат жұмылдырып, 3 мыңнан аса жұмыссыз азаматқа қайтарымсыз гранттар, 1,5 мыңға жуық азаматқа шағын несиелер берілді.
Оған қоса, екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақты бизнеске 26,8 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 5,6 млрд. теңге қаражат бағытталды.
Биылғы жылы да кәсіпкерлік саласын дамытуға әртүрлі көздерден бастапқы кезде 38 млрд. теңгеге жуық қаражат тарту көзделуде. Бұл қаржы жыл соңына дейін ұлғаяды.
Өнімділікті ұлғайту, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыру мақсатында қаражаттың басым бөлігі жаңа өндіріс көздерін ашуға бағытталады.
Биылдан бастап микро және шағын бизнес салықтан және арнайы тексерулерден босатылып отыр. Бұл – өңір кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік. Бар мүмкіндікті пайдалана отырып, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың санын 95 мың адамға, өнім шығарылым көлемін 400 млрд. теңгеге жеткізу ойластырылуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: