Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер саны артып келеді.
Солардың бірі Қалжан ахун ауылының тұрғыны, кәсіпкер Маханбетова Гүлмира. 2020 жылы кәсіпкер наубайхана ашу мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып, 2021 жылдың басында наубайхана ашты.
Қазіргі таңда тәулігіне 600 дана бөлке нан пісіріп, шаруа қожалықтарға күніне 240 дана бөлке нан және 360 дана бөлке нанды Қалжан ахун, А. Тоқмағамбетов және Тереңөзек кенті орталығындағы дүкендерге өткізуде.