Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАЛСУАТТЫҚ КӘСІПКЕР АУЫЛДЫ НАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ


Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясындағы «Бизнес-кеңесші» оқу курсы бүгінде қызылордалықтардың іздеп жүріп оқитын жобасына айналды. Екі күндік курста кәсіпкерліктің негіздері түсіндіріліп, жалпы бағыт-бағдар берілетін болғандықтан «қандай іс бастасам екен», - деп жүрген азаматтар үшін бұл таптырмас мүмкіндікке айналуда.
Бүгінде аталмыш курсқа қатысып, өзінің бастаған ісіне береке бітіріп, қолға алған ісін алға жылжытып, дамытып отырған азаматтар ел ішінде де жетерлік. Солардың қатарында талсуаттық кәсіпкер Айсұлу Боранбаева да бар. Ол сіңлісі Қарлығашпен ақылдасып отбасылық бизнесті қолға алады. Алдымен облыстық кәсіпкерлер палатасына барып, кеңес алады. Одан кейін екі күндік «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысып, өзінің бизнес-жоспарын әзірлейді. Нәтижесінде Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде «Ислам» нан пісіру цехын ашады. Наубайхананың барлық жұмысын шаруашылықтан икемі бар сіңлісі Қарлығашқа тапсырады. Ол өз кезегінде кәсіпті дөңгелетіп алып кетті.
«Қазір ауылды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз. Шүкір, нанға сұраныс жоғары. Сондықтан да ендігі кезекте наубайханамызды кеңейтуді де ойластырудамыз. Наннан өзге кекс, рогалики, торттарды пісіріп жатырмыз», - дейді кәсіпкер Қарлығаш Балмолдаева.
Кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан алған 4 млн теңге несиеге наубайханаға ең қажетті нан пісіретін пеш пен нан илейтін құрал жәнен нан тарататын көлік сатып алады. Шағын ғана наубайханада ас атасының бірнеше түрі пісіріледі. Күніне 400 бөлкеге дейін нан пісіретін кәсіпкер өнімін жергілікті дүкендерден өзге, көршілес Айнакөл, Қаракөл ауылдарына да өткізеді. Тапсырыспен тоқаш, самсаларды да әзірлейді. Бүгінде 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: