Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада Масленица мерекесі басталды


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құймақ апталығына арналған «Ескі ғасыр дәстүрлері» фольклорлық мерекесі өтті. Шараны «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы облыстық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А. Жұмабаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ж.Нұрсейтов атындағы №233 орта мектептің оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.
Орыс халқының мазмұнды мерекесінде халық өнері, тағамдары, киімдері, қолөнері, әндері, салт-дәстүрлері туралы кітап көрмесі ұсынылды.
Кездесуді облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратова және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Г. Щербакова ашып, барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтап, ынтымақтастық пен өзара көмек үшін ризашылықтарын білдірді.
Фольклорлы мереке аясында славян этносының салт-дәстүрлері, «Сударушки» ансамблі, «Надежда» жастар тобы және олардың солистері орындайтын өрнектелген әндер мен билер көрсетіліп, «Шалқан» ертегісіне негізделген көрініс қойылды. Балалар халық ойындарын ойнап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді жалғастырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: