Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 22 наурызда орталық көшелерде автокөлік жолы уақытша жабылады

Ұлыстың ұлы күні - 22 Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын шараларға байланысты 2022 жылғы 22 наурыз сағат 09.00-ден бастап Желтоқсан көшесі, яғни Қорқыт Ата көшесі мен Тоқмағанбетов көшесі аралығындағы автокөлік жолы уақытша жабылатындығын хабарлаймыз.
Осыған орай, осы аралықта қатынайтын қоғамдық көліктердің жолы уақтыша төмендегідей өзгертіледі:
Тоқмағанбетов көшесі арқылы келетін автобустар: Байтұрсынов көшесіне түсіп, әрі қарай өз бағытымен;
Әйтеке би көшесімен жүретін автобустар: Қазыбек би көшесімен келіп, Қорқыт Ата көшесі арқылы жүретін болады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: