Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ2016 жылдың сәуір айының 6-сы күні 17 сағат 58 минутта Сырдария өзенінің жағасында «Жағалау» аумағында белгісіз әйел кісі өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Қолдағы дерекке сүйенсек, аталмыш оқиға жөнінде ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілік диспетчерлік қызметінің кезекшісіне Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен хабар түсті. 
Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға шұғыл түрде шықты. Жасақ құтқарушыларын көрген әйел кісі суға секіріп кетті. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп, шұғыл түрде жас әйелдің өмірін құтқарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Содан кейін жас әйелдің толық мәліметтері және тұрғылықты мекен-жайы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағы екендігі анықталды. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебін полиция қызметкерлері  анықтауда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: