Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда сервистік кешені ашылмақ

Аралда сервистік кешені ашылмақЖақында қазіргі Ұлы Жібек жолы саналатын «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында орналасқан жеке кәсіпкер Берік Жандәулетовтің сервистік кешені ашылмақ. 
Кәсіпкер аталған кешенді салу үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 60 млн. теңге несие алып 2 қабатты, 21 орынға арналған қонақ үй ғимаратын салған. Қонақ үйдің әр бөлмесінде жуынатын орын мен дәретхана орналастырылған, сонымен қатар дәрігерлік бекеті де бар. Асханада бір уақытта 60 адам тамақтануға мүмкіндік бар. Сауда дүкені, қосалқы автобөлшек дүкені, ұлттық тағамдар мен сусындар (шұбат, қымыз) сатуға арналған киіз үй тігілген. Жанар май құю бекеті мен көлік жуу және автокөлікке арналған сервистік қызмет көрсету орталығы бар. Кешен алдында 30 жеңіл автокөлік және 20 жүк көліктеріне арналған автотұрақ жасалған. Аталған кешен 1 айдың көлемінде ашылып, өз қызметін бастамақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: