Қызылорда гарнизонының әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңініңалдында жеке құрамға қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибе сабақтары өткізілді.
Қауіпсіздік шаралары сабақтары кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақталды. Бөлімнің техникалық аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша оқу орындары құрылып, заманауи көрнекі құралдармен жабдықталды. Әр оқу орнында сабақ жетекшілері жеке құраммен теориямен қатар, тәжірибе сабақтарын өткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсету, жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, дене дайындығы және шаруашылық жұмыстар жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шаралары таныстырылды.
Жаңа оқу кезеңінің алдында өтетін қауіпсіздік шаралары бойынша тәжірибеліксабақтардыңнегізгімақсатыжеке құрамның өміріменденсаулығынсақтау,әскери қызмет қауіпсіздігінқұру болып табылады.
Сонымен қатар, қызмет көрсетудің тәртібі мен жаңа оқу кезеңіндегі техникаларды пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.
«Әскери қызметші әскери тіршілік кезінде немесе отбасында кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміздегі жоспарға сай өтетін қауіпсіздік шаралары жұмыстарының маңдыздылығы да осында деп ойлаймын. Себебі, адам жүргізілген сабақтар кезінде алған білімін тәжірибесіндеқолданады деп білемін»,-деді әскери бөлімніңинженерлік қызметінің бастығы, майор Бахадүрбек Жұмағалиев.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жоспар бойынша жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтаумақсатында жаңа оқу кезеңі алдында қауіпсіздік шараларына қатысты сабақтар өткізіліп тұрады.
Мұхит Қонаров, Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы