«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-мен өндірілетін электр энергияның бағасы 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 кВт. сағатқа ҚҚС-сыз 9,86 теңгеден 9,69 теңгеге төмендеуне байланысты, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен электр энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қолданыстаға электр энергияның бағаларының мөлшерлері ағымдағы жылдың 1 ақпанынан сәйкесінше төмендетілді.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың орташа босату бағалары 0,53%-дан 0,74%-ға дейін төмендетілді, атап айтқанда 1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен:
- «Энергосервис»ЕЖШС-не - 16,15 теңгеден 16,06 теңгеге,
- «Шиелі Жарығы» ЖШС-не - 16,83 теңгеден 16,74 теңгеге,
- «Даулетэнерго» ЖШС-не - 18,04 теңгеден 17,91 теңгеге.
Сәйкесінше Департаментпен электр энергияның сараланған тарифтері тұтыну көлеміне қарай және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған сараланған тарифтері төмендетуге қайта есептелді. Мысалы, «Энергосервис» ЕЖШС бойынша 1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен:
тұтыну көлеміне қарай
электр плиталарын қолданбайтын тұтынушылар үшін
- I – деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағатқа дейін - 13,93 теңге ;
- II – деңгей 1 айға 1 адамға 70 квт.сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 19,28 теңге;
- III - деңгей 1 айға 1 адамға 150 квт. сағаттан жоғары - 24,09 теңге;
электр плиталарын қолданатын тұтынушылар үшін
I – деңгей 1 айға 1 адамға 90 кВт. сағатқа дейін – 13,93 теңге ;
II - деңгей 1 айға 1 адамға 90 квт. сағаттан 170 кВт.сағатқа дейін – 19,28 теңге;
III - деңгей 1 айға 1 адамға 170 квт. сағаттан жоғары - 24,09 теңге.
жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар үшін
I – деңгей 1 айға 1 адамға 100 кВт. сағатқа дейін – 13,93 теңге ;
II – деңгей 1айға 1адамға 100 квт.сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 19,28 теңге;
III - деңгей 1 айға 1 адамға 150 квт. сағаттан жоғары - 24,09 теңге.
тәулік зоналары бойынша
тұрмыстық тұтынушыларға:
- түнгі тариф- 5,23 теңге ;
- күндізгі тариф- 21,29 теңге;
үш зоналық жүйе бойынша:
- түнгі тариф - 5,23теңге.
- күндізгі тариф - 16,06 теңге ;
- кешкі тариф - 35,30 теңге.