Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Төртінші деңгейлі бюджет арқылы ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Төртінші деңгейлі бюджет арқылы ауылдық аумақтарды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Қызылорда облысы ҮЕҰ альянсының төрағасы Анар Жарылқасынқызы Изден «Жергілікті қоғамдастық және өзін-өзі басқару: ҮЕҰ әлеуетін пайдалану жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Белкөл кентінің әкімі Саду Жасұлан Хабидуллаұлы төртінші деңгейлі бюджетті қалыптастыру және игеру тәжірибесіне тоқталса, Ақжарма ауылдық округінің әкімі Саттар Бейбітұлы Әбдіреев ауылды дамыту мүмкіндіктері мен бюджетке қатысты мәселелерді ортаға салды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы Дархан Болатұлы Мұстафаев ауылдық қоғамдастықтарды дамытудағы төртінші деңгейлі бюджеттің рөлі туралы баяндама жасады. Қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Қайыржан Шәкірұлы Шалабаев ауылдық аумақтарды бюджеттік жоспарлау мен қаржыландыру басымдықтарына тоқталды.
Жиында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ төртінші деңгейлі бюджетті қалыптастыру және игеру тәжірибесі талқыланды.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде өткен өңірлік азаматтық форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жергілікті өзін-өзі басқару мен қоғамдастықтарды дамытуда ҮЕҰ әлеуетін пайдалану жөнінде ұсыныстар берілген болатын.
Талқылау нәтижесінде төртінші деңгейлі бюджетті тиімді іске асыру үшін кадрлық әлеуетті күшейту, жүйелі оқыту жүргізу, бюджеттік жоспарлау сапасын арттыру және ҮЕҰ қатысуымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын сапалы қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.
Реформаның басты мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жергілікті деңгейде жүзеге асырып, әрбір тұрғынның өз ауылының дамуына белсенді қатысуына жағдай жасау.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: