Бүгін ауданға қарасты Беларан ауылдық округі әкімі Д.Қожахметов 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға есеп берді.
Есепті кездесу барысында ауыл әкімі округ бойынша әр мекеме тұрғындарға жүйелі қызмет көрсетіп жатқанын баяндады.
Сонымен қатар, ауылшаруашылық бағытында жеке кәсіпкер М.Қожахметов «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 асыл тұқымды айғыр мен1 0 бас аналық жылқы сатып алуға 3 млн теңге несие алып, кәсібін жүргізіп отырғаны белгілі болды. Ал, 1 дара кәсіпкер «Алтын асық» бағдарламасы бойынша құжаттарын рәсімдеуде.
Енді Беларан халқымен кездесудегі аудан әкімінің есебіне келер болсақ, өткен жылы округке қарасты Құланды ауылының көшелерін жарықтандыруға бюджеттен 3 млн теңге қаржы бөлініп, 17 жарық шамдары орнатылған. Осы ретте аудан басшысы, биыл ауылдың қалған көшелерін жарықтандыру қолға алынып, былтыр бастау алған 50 орынды мектеп пен 20 орынды балабақша құрылысын жаңа оқу жылына аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Есепті кездесуге белсене қатысқан тұрғындар орайы келген сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын білдірді. Соның ішінде, ескірген су тасығыш көлігіне әзірге жаңа құралдар алынатыны, алдағы уақытта жаңасын алу қарастырылатыны белгілі болды. Осылайша, ауыл ардагерлері атқарылған жұмыстарға баға беріп, алғыстарын білдірді.