Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНДАРЫ" АКЦИЯСЫ ҚАРМАҚШЫДА ӨТКІЗІЛДІ

"ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНДАРЫ" АКЦИЯСЫ ҚАРМАҚШЫДА ӨТКІЗІЛДІБүгін қызметтік міндеттерін өтеу барысында жанқиярлық танытып, бейбіт уақытта ерлік жасаған «Қазіргі заман қаһармандары» акциясы Кармакшы ауданына келіп, Қорқыт ата кешенімен танысып, құран бағыштаудан бастады.
Одан әрі қармақшылық тұрғындармен кездесіп, өңірлерден жиналған 15 тәртіп сақшылары бастарынан өткен оқиғаларын, адамдарды құтқару барысында танытқан ерліктерін бейнероликтер арқылы баяндап, тұрғындар назарына ұсынды. 
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов: Сіздердің ерліктеріңіз жас ұрпаққа үлкен өнеге. Сіздер өз бастарыңызды қауып-қатерге тігіп, Еліміздің ішкі тыныштығын, жас ұрпақтың, ананың, бауырдың, жолдастың бар өмірін сақтап қалудағы ерліктеріңізге шынайы алғысымды білдіремін, - деп «Қазіргі заман қаһармандарын» марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Одан әрі кездесу концерттік бағдарламамен қорытындыланып, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ән-би ансамблі өздерінің әзірлеген концерттік бағдарламаларын көрсетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: