Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 190 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 190 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден бүгінгі күнге дейін 257 арыз түсіп, 190 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 
Арыздардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты. Атап айтқанда, 51-і немесе 20 пайызы жер қатынастары саласына, 26-сы салық заңдылықтарына, 24-і мемлекеттік сатып алуға қатысты.
Мәселен, жерді заңсыз алып қою бойынша Кәсіпкерлер палатасы әкімдіктің қаулысының күшін жоюға қол жеткізіп, 129 кәсіпкердің құқығын қорғап қала алды.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерге электр энергиясы үшін заңсыз салынған айыппұл күшінің жойылуына көмектесті. Кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты мұндай мысалдар жеткілікті. 
Мұнымен қоса, Кәсіпкерлер палатасы қызметінің бірі – сот процестеріне қатысып, кәсіпкерлердің заңды мүддесін білдіру. Бұл ретте Палатаның заңгерлері 30-дан астам сот процесіне қатысып, 80 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
«Бүгінгі күнге дейін Палата қызметкерлері жұмысының нәтижесінде кәсіпкерлердің 1 млрд. 50 млн.теңгесін сақтап қала алдық. Жалпы Палата кәсіпкерлерден түскен әр өтініш бойынша сотқа немесе өзге де инстанцияларға құжаттарын әзірлеп береді, яғни «адвокаттық қызмет» атқарады десек те болады. Негізі сотқа бір ғана талап арыз берудің өзі жеке контораларда шамамен 200 мың теңге тұрады. Ал біз бұл қызметтердің барлығын тегін көрсетеміз. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің ақшасын үнемдеуге де мүмкіндік береді», - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: