Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғандық кәсіпкер қойдың басын көбейтті

Жаңақорған ауданы Кеңес ауылының тұрғыны Жапанов Зәуалхан Нәметоллаұлы басшылығымен құрылған  «Хан» шаруа қожалығы 2017 жылдан бастап қой өсірумен айналысады. 
2020 жылдың желтоқсан айында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" 20 млн теңге көлемінде жылдық 6 пайызбен, мерзімі 10 жылға несие алып, қосымша 400 бас қой сатып алыпты. Кәсіпкердің айтуы бойынша Қор ұсынған шарттар толығымен қанағаттандырады.  Сөз арасында, ол өз бизнесін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы алынған несие қаражатымен бастағанын еске салды. 
Кәсіпкердің айтуынша, шаруашылықты дұрыс жүргізу жағдайында қол жеткізген таза табыс- несиені өтеуге ғана емес, шаруашылықтың қаржылық жағдайын жаймендеп көтеруге де жарапты. 
Бүгінгі таңда кәсіпкер осы кәсіпті толығымен меңгеріп, әрі қарай дамытуға ниетті. Кәсіпкердің айтуынша, аймақта қой еті мен тірі қой басына сұраныс өте жоғары екен.
Кәсіпкер қойларды күз айларында сатқан тиімді, себебі жас малдар жеткілікті салмақ жинағаны дұрыс деп өз кәсібінің құпияларымен де бөлісті. 
 Қазіргі уақытта кәсіпкер өз кәсібін кеңейту бойынша бизнес-жоспар құруда және ол жобаны "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ қолдауы арқылы іске асыруға ниеттеніп отыр. Осы жолы ірі қара мал мен түйе шаруашылығын өрбітуге және шаруашылықты дамыта отырып, өз ауылдастарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге бел бұрған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: