Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Этномәдени бірлестіктерімен семинар өткізілді

Этномәдени бірлестіктерімен семинар өткізілдіҚазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының XVIII сессиясының хаттамасын басшылыққа ала отырып, Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты мекеменің оқу залында «Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көздерінің тізімінен өтетін этномәдени бірлестіктерімен құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. 
Семинарға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қонақтар фойеде орналасқан «Бірлігім - бақытым» атты мұрағат қорында сақтаудлы тұрған этномәдени бірлестіктердің құжаттары мен суреттерінен дайындалған көрмені тамашалады.
Семинардың мақсаты – «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын» (ҚР Мәдениет және спорт министірінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығы) басшылыққа ала отырып, этномәдени бірлестіктердің іс жүргізілу тәртібіне әдістемелік көмек көрсетіліп, олардың сақталуы мен мұрағат қорына өткізу ережелері таныстырылды.
«Істер номеклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру», «Мекеменің сараптау комиссиясы туралы ережесі» тақырыптарында баяндамалар оқылып, мұрағат қорындағы этномәдени бірлестіктердің сурет құжаттарынан слайдттар көрсетілді. Семинар соңында, екі тілде дайындалған әдістемелік ұсынымдар мен жоғарыда аталған үлгілік қағидалард салынған электронды дискілер таратылды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: