2015 жылы Арал ауданында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына баса мән берілді.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Арал қаласындағы «Тағзым» алаңындағы және орталық алаңдағы мәдени демалыс сквердегі нысандар ағымдағы жөндеуден өткізілді, олардың қоршаулары жаңартылды, Маяк клубы, аудан әкімдігі ғимаратының жанындағы алаңға брусчаткалар төселді. Сондай-ақ Сексеуіл кенті және Қамыстыбас елді мекеніндегі демалыс орындарында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қаланың Әбілхайыр хан және Бақтыбай батыр көшелері абаттандырылды, сондай-ақ, қаладағы Ш. Уәлиханов көшесінен № 262 мектеп-гимназияға дейінгі аралыққа брусчаткадан жаяу жүргіншілер жолы төселді.
Сонымен қатар, Арал қаласындағы «Соңғы парыз» романының сюжеті бойынша символикалық белгі аумағын абаттандыру жұмыстарын толық аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.