Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Балықшылар» музейі қайта жаңғыртылды

1921 жылы Арал балықшылары Балтық жағалауындағы аштықтан зардап шеккен Поволжье тұрғындарына 14 вагон балық жіберіп, тұрмысы тұралаған елді аштықтан азат етті. Биыл осы тарихи оқиғаға 100 жыл толып отыр. 
Осыған орай, аралдық балықшылар мен еңбек озаттарының ерен еңбектерінен сыр шертетін Арал қаласындағы «Балықшылар» музейінің экспозициясы жаңа үлгіде қайта жасалып, музей ғимараты мен экспонаттары қайта жаңғыртудан өткізілді.
Музей экспозициясынан Арал теңізінің көне заманнан қазіргі заманға дейінгі тарихын, теңізді зерттеу мен игеру және кеме қатынасымен, балық аулау тарихымен танысуға болады. Сондай-ақ, экспозициядан теңіз толқыны мен шағаланың дауысын естіп, балықшылар туралы әңгімелерді тыңдауға болады. 
Музей ауласындағы орналасқан өткен ғасырда балық шаруашылығында пайдаланылған Аралрыбпром, Т.Тохтаров, Т.Әлімбетов катерлеріне және Лев Берг зерттеу кемесіне реставрация жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астындағы экспозицияға өткен ғасырда  балықшылар пайдаланған құрал-жабдықтар қойылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: