Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІ СЫНАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІ СЫНАЛДЫ

 

Ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйек күндері аудандық орталық кітапхананың ғимаратында Арал ауданы әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренинг өткізді.
Бұл шара Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Консенсус» қоғамдық қоры «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жобаның мақсаты – Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің «Қазтест» жүйесі бойынша С1 деңгейін меңгергендер үлесін – 5 % жеткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Шара барысында жоба жетекшісі Е.Күмісходжаев – «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру дейгейін арттыру» әлеуметтік жобасының мақсатын түсіндіріп өтсе, жоба үйлестірушісі Н.Мусаева «Мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест» жайлы жалпы ақпарат берді.
Оқытушы Ә.Бахытова – қызметкерлерге «Қазтест» жүйесінің құрылымы, тесттің орындалу уақыты, бөліктердің ерекшіліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жауап парақшаларының толтырылу үлгілерін көрсетіп, сынақ жұмыстарын алды.
Шараның екінші күні практикалық тапсырмалар таратылып, тыңдаушылар сынақ және жазба жұмыстарынан бақтарын сынады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Қорытынды кезеңінде сауалнамалар алынып, пікір алмасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: