Мамандар бұл зерттеу жасқа байланысты болатын ағзадағы өзгеріспен әлдеқайда тиімді күресуге жол ашатынын айтады
АҚШ-тың Стэнфорд университетінің ғалымдары адамның қартаю процесі бірнеше кезеңге бөлінетінін анықтады, деп Nature Medicine. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан жазды.
Мамандар 18 және 95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасының ақуызын зерттеген. Жасқа байланысты оның құрылымы өзгеретіні белгілі болды.
Зерттеушілер қан плазмасы ақуызындағы негізгі өзгеріс үш кезеңге бөлінетінін анықтады: 34, 60 және 78 жас.
Мамандар бұл зерттеу жасқа байланысты ағзадағы өзгеріспен әлдеқайда тиімді күресуге жол ашатынын айтады.