Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ақеспеде жаңа мектеп ашылды

Ақеспеде жаңа мектеп ашылды

 

Қосаман елді мекеніне қарасты Ақеспе ауылдық округінде жаңа мектеп ел игілігіне жарады.

Ауыл іргесінен еңселі ғимараттың бой түзегенін көрген жергілікті жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. Ауылдағы тұрғындардың қуанышына куә болған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев:
- Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше көңіл аударады. Соңғы уақытта облысымызда бірнеше ғимараттар бой көтерді. Әрине, мұның барлығы жақсы іс. Ал балаларға арналған нысандардың орны бөлек. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы ерекше. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз, - деп ұстаздар мен шәкірттерді, барша ауыл тұрғындарын құттықтап, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
50 орындық мектеп пен 20 орындық балабақшасы бар оқу орнында 40 орындықты акт залы, асхана, кітапхана, спорт залы, 4 бастауыш сыныбы, 1 мультимедиалық кабинет, психолог-логопед кабинеті, информатика, физика, химия кабинеттері барлық қажетті құралдармен толық жабдықталған.
Жаз бойы жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен айналысқан «Бо-Мур» ЖШС басшысы Нұрлан Сейдалиев ғимарат кілтін мектеп директоры Рабиға Сейітмағамбетоваға табыстады. Өз кезектерінде жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуына басымдық берген мердігер құрылымға басшылық тарапынан алғыстар айтылды.
Жаңа мектептің босағасын аттаған қонақтар мен ауыл тұрғындары өскелең ұрпақтың игілігіне беріліп отырған білім бесігінің ішін аралап көріп, риза болысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: