Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба ел тұрғындарын агробизнеске тарту және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауды көздейді.
![]()
Бағдарлама 2022 жылдың 26 қарашасындағы ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде іске қосылған. 2022 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілді. Жоба ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге көмектесуге арналған, бұл ауылды жерлердегі экономикалық белсенділікті арттырып, ауылдық аймақтардың дамуына елеЖоба ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге көмектесуге арналған, бұл ауылды жерлердегі экономикалық белсенділікті арттырып, ауылдық аймақтардың дамуына елеулі үлес қосады.
«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар.
Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 миллион теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 миллион теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2,5 пайыздан аспайды.
Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет.улі үлес қосады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек» деп айтқан болатын.
Президенттің берген тапсырмасы аясында 100 миллиард теңге қаржы бөлінді. Жоспарға сәйкес, 17 мың микрокредиттен 14,5 мың микрокредит беріліп, 15,5 мың жұмыс орны қамтамасыз етілді.
11,9 мың микрокредит мал шаруашылығын дамытуға, 539 – өсімдік шаруашылығын дамытуға, 411 – техника мен жабдықтар сатып алуға және қызметтің басқа салаларына 1,6 мың микрокредит алуға бағытталған, – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, бағдарлама шеңберінде ауыл тұрғындарының бизнесін дамытудың ажырамас бөлігі ресурстарды біріктіруде және ЖҚҚ өнімін неғұрлым тиімді шарттарда өткізуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, сол арқылы ауыл тұрғындарының табыстылығын арттыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.
«Ауыл аманатын» іске асыру кезінде өңірлерде 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, оның 321-і 6,7 миллиард теңге сомасына қаржыландырылды.
Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3911 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 361, мал шаруашылығында – 1510, басқа да қызмет түрлерімен 2040 айналысады, – Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінде.
2023 жылы олар 67,8 миллард теңге сомасына шамамен 1,2 миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімін өндірді, өсімдік шаруашылығында – 22,3 миллиард теңге сомасына 1053,6 мың тонна, мал шаруашылығында – 45,5 милллард теңге сомасына 187,3 мың тонна, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық.
Бағдарлама бойынша 2023 жылы өңірге 3 млрд теңге (406 жоба), 2024 жылы 2,5 млрд ( 376 жоба) қаржы тартылды. Нәтижесінде 2 жылда 1 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік саны артты. Сондай-ақ 50-ден астам өндірістік кооператив құрылды. Өңдеу саласы бойынша 158 кәсіпорын түсуын кесіп, 56 жылыжай өндірісі ашылды. Елдегі ағайындар 2, 6 мың асыл тұқымды мал сатып алды.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, мал басына қаралған қаржы жалпы берілген шағын несиенің 27 пайызын құраған. Басымдық өнім өңдеу, кооперативтерді дамытуға бағытталған. Оған қоса ауыл шаруашылығы емес бизнес жобаларға, оның ішінде өндірістік бағытқа баса назар аударылып отыр.
– Біз әр жобаны іске қосып соңғы өнім шыққанға дейін сүйемелдеп, өткізу мәселесіне де қолдау көрсетудеміз. Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін кепілмен қамтамасыз ету және бизнес ғимаратының құрылысына қатысты мәселе күн тәртібінде болды. Осы ретте жерді өз игілігіне пайдаланып отырған шаруашылықтар елді мекендерді қолдауды өз міндетіне алды. Осылайша халықтың әл-ауқатын арттыруға атсалыcты, – дейді басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев.
Тұрғындардың 65 түрлі азық-түлік тауарын тұтыну көрсеткіштеріне қарасақ, облыстың 10 түрлі өніммен (күріш, тұз, сиыр сүті, қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, асқабақ, жүгері, нан) 100% қамтамасыз етуге, экспортқа шығаруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, тұтынушылар 10 түрлі өніммен (картоп, сиыр еті, сәбіз, балық, пияз, бұрыш, қызылша, қой еті, қырыққабат, жылқы еті) 73-21% пайыз аралығында, 17 түрлі өніммен ішінара қамтамасыз етілуде (4,2-0,1%). Қалған 28 түрлі өнім, оның ішінде негізгі үш өнім, яғни, қарақұмық, қант, күнбағыс майы облыста өндірілмейді. Дегенмен, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижесінде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің өсімі байқалуда.
Мысалы, құс шаруашылығы бағытында екі кооператив құрылып, 4 500 бас құс бағатын 6 типтік құс фермасы (птичник) жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге кооперативтер 90 тоннадан астам құс етін өндірді. Құс етімен қамтамасыз ету көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 4,9 %-ға өсті. Томат пастасы мен консервіленген өнімдерді шығаратын кооператив құрылып, қамтамасыз ету көрсеткіші 4,7 %-ға, балық шаруашылығы бағытында 20-ға жуық жоба іске асырылып, қамтамасыз ету деңгейі 7,4 %-ға артты, қой және жылқы етімен қамтамасыз ету деңгейі тиісінше 7,7 % және 10,7 % ұлғайды.
Осы сөзіміздің айқын дәлелі ретінде Сырдария ауданы Бесарық ауылында «Абай Дәулет» ЖШС-ін атап өтуге болады. Серіктестік демеушілігімен шағын өндіріс орталық (бизнес-инкубатор) жобасы жүзеге асты. Көлемі 1000 шаршы метрден асатын ғимарат салынды. Сол арқылы жалпы құны 318,2 млн теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 25 жұмыс орны ашылды.
Бұл тәжірибені кеңінен тарату үшін биыл 14 шағын орталық құру жоспарланған. Сол арқылы 451 млн. теңгеге 72 жобаны іске асыру көзделуде. Қазірге дейін Шиелі және Қазалы аудандарында осындай орталықтар ашылды. Атап айтқанда, Шиелі кентінде 6, Қазалыда 17 жоба жүзеге аспақ.
Биылғы жылға 5,5 млрд. теңге қаржы қаралып, 815 жобаны іске асыру жоспарлануда. Басымдық өңдеу саласына және кооперативтерге, жеке қосалқы шаруашылықтарды тартуға берілетін болады. Бұл бағытта балық, құс шаруашылығы, егін мен мал шаруашылығын дамыту, импортқа тәуелді өнімдерді ауылда өндіруге баса мән беріледі.
Аталған бағдарлама аясында Жаңақорған ауданының тұрғыны Наурызбай Айымбетов өз кәсібін бастады. Ол 3,9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл қаржыға ашылған жылыжайда бүгінде қияр мен қызанақ егіледі. Өнімдер ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сатылады.
– Жылыжай – бір күндік тірлік емес. Күнделікті күтім, уақтылы бап, тұрақты еңбек қажет. Қазір өзіміз күтіп-баптап отырмыз. Отбасымызбен бірге істейміз. Бастысы – халық разы, өнімге сұраныс бар, – дейді кәсіп иесі.
Жылыжайдың жалпы көлемі ауыл тұрмысына бейімделген. Жылы мезгілде өнім мол жиналады. Қыста да оған қажетті жағдай жасалған. Қазір қияр мен қызанақтың көлемі өсіп келеді. Кәсіп иесі енді шабдалы, анар, жержаңғақ өсіруді қолға алуға ниет танытты. Алдағы уақытта өнім көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бұл кәсіп – тек отбасының табыс көзі емес, ауыл ішіндегі азық-түлікке деген сұранысты қамтаматасыз етуге жол ашты. Сырттан тасымалданатын өнімге қарағанда, жергілікті әрі жаңа үзілген көкөніске сұраныс жоғары. Осы арқылы кәсіпкер ауылдың азық-түлік қауіпсіздігіне де үлес қосып келеді.
Несие алғандар жеңіл өнеркәсіпті де игеруде. Мәселен, Махамбетов ауылының тұрғыны Сәрсенгүл Аралбаева «Ауыл аманаты» арқылы қол жеткізген 5 млн теңгеге шұлық өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар сатып алды. Қазір күніне 200-250 дана шұлық сатуда. Жобаға дейін тұрақты табысы болмаған Сәрсенгүл Аралбаева бүгінде жеке кәсіпкер.
«Өнімге деген сұраныс өте жақсы. Енді кәсіпті кеңейту жағын ойластырудамын. Әзірге екі адам жұмыс істейміз. Кәсібім кеңейіп жатса, жұмыс орындары да көбейеді. Қолдау білдіргендерге алғысым шексіз!», - деді ол.
Осы ауылдың тұрғыны Алтынкүл Дүйсенғазиева жүн мен мақтадан көрпе тігіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 млн теңгеден астам несие алды. Қазір ауыл, ауданнан бөлек, Астанадан да тапсырыстар келіп, айына 20-25 көрпе тігуде.
«Өзімнің ерекше балам бар. Оны да осы кәсіпке үйретудемін. Алғашқыда өтініш бергенде жобамның мақұлданатынына сенбедім. Алайда, талап қылған адамға жол ашық екеніне көзім жетті. Осындай төмен пайызбен несие беру бастамасын көтерген азаматтарға ризашылығымды білдіремін», - деді ол.
Ал Сырдария ауданының Айдарлы аулында көне кәсіпті жаңғыртқан кәсіпкер бар. Зейнеткер Марияш Әлжанова киіз басып, түкті кілем, сырмақ тігеді. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы алған қаржыға цех ашып, 6 адамды жұмыспен қамтуда.
«Ұлттық бұйымдарға сұраныс қашан да жоғары болады. Өндіріске қажетті жүннен тапшылық жоқ. Өзіміздің ауылдан, көршілес Қоғалыкөлден қой мен түйе жүнін аламыз. Кәсіп өз алдына, ең негізгі мақсатым – жастарға ұлттық қолөнерді таныту», - дейді ол.
Мамандардың айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған. Демек, жоба өз нәтижесін беруде деп толық айтуға болады. Осылай жергілікті тұрғындар санитарлық нормаларға сай келетін, заманауи жабдықталған ғимаратта тегін (тек комуналдық төлемін төлеу) орналасуға және жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады.
2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді.
2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен қосымша 7 млрд теңге сомасына 1 мыңға жуық микрокредит берілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы қуатты және дамыған ел құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың табысын арттыру және жұмыс орындарын құру Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді. Өңірлер мен ауыл тұрғындарын қолдау бүкіл ел үшін қозғаушы күшке айналып, оның одан әрі өсуі мен дамуына ықпал етеді.