ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысы активінің отырысында аймақ басшысы Қ.Көшербаев Қызылорда облысының өнеркәсіп және туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Нұржан Өмірсерікұлын таныстырды.
Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Жаңақорған ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» және Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің есепшісі ретінде бастаған. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы; 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутатының көмекшісі; 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бөлім басшысы;
2014 жылдың қаңтар айынан бастап Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.