Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында Сенат депутатының сайлауы өтті

Бүгін барлық өңірлерде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны өтуде. 


Сайлауға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысып, дауыс берді.
Айта кетейік, Қызылорда облысынан 3 үміткер сайлауға түсті. Олар – «ҚазСуШар» РМК филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.
Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер тiркелдi.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: