Өңірлік коммуникациялар қызметінде жылу беру маусымы алдындағы үгіт-насихат жұмысы және облыстағы өрт, су қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактиакалық қызмет басқармасының бастығы Р. Қайрақбаев өрт оқиғасына байланысты орын алып жатқан жағдайларды талдау негізінде, көптеген жағдайлар тұрғындардың қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауынан болып отырғандығын айтты.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыста 342 өрт оқиғасы тіркелген. 2015-2016 жылдардың жылу маусымында облыс бойынша 48 түтінге улану фактісі тіркеліп, барлығы 108 адам, зардап шеккендер емдеу орындарына жүгінген, қаза болған адам жоқ.
Сондай-ақ, суға шомылу маусымында зардап шеккен адамдар саны 31 адамды құраған, су айдындарында 27 адам құтқарылып, құтқарылған адамдар былтырғы жылмен салыстырғанда 15,6 % азайған.