Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Рақымжан Розыбакиев Түркияға қарсы ойнай ма?

Рақымжан Розыбакиев Түркияға қарсы ойнай ма?Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне іріктеу сатысында Түркияға қарсы ойын көрсетуге мүмкіндік алатын футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. 
Олардың қатарында "Қайсардың" қазіргі құрамындағы жартылай қорғаушы Рақымжан Розыбакиев пен Қызылорда футболының түлегі, қазір "Ақтөбе" намысын қорғап жүрген Асхат Тағыберген бар. Құрама мүшелері 10 қарашада Талғар қаласындағы ұлттық құрама базасында жиналады. Медициналық тексеруден өткеннен кейін Антальяға аттанып, онда Түркия құрамасына қарсы ойынға дайындық жүргізеді. Біздің құрама 16 қарашада үстіміздегі жылғы іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Стамбул қаласында қорытындылайды. 
Сонымен, Ю.Красножанның кеңейтілген тізіміне төмендегі ойыншылар енгізілген: Қақпашылар – Владимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»);
Қорғаушылар – Ренат Абдулин («Атырау»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Александр Киров («Шахтер»), Рақымжан Розыбакиев («Қайсар»), Гафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»);
Жартылай қорғаушылар – Анатолий Богданов («Тобыл»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смаков («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»), Андрей Финонченко («Шахтер»), Роман Муртазаев («Шахтер»);
Шабуылшылар – Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Алексей Щеткин («Тараз»);

Бас бапкер – Юрий Красножан
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: