«Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі өткізілді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен аймақта екікүндік «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі бастау алды.
Биыл екінші рет өткізілген идеялар байқауы «SmartСity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағыттарын қамтыды. Әр бағыт бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде инновациялық жобаларды жасап қорғайды.
Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, жыл сайын байқауға ынта білдірген жастардың, оның ішінде ауыл жастарының белсенділігі жоғары екенін тілге тиек етті.
Фестивальге елордадан шақырылған спикелер өз бағыттары бойынша жастармен ұжымдық жұмыс жүргізіп, кейстермен бөлісті.