Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының 2015 жылы жүргізген археологиялық ізденіс жұмыстарын таныстыру мақсатында кездесу өтті.
Жиынға Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары мен тарих, археология және этнология мамандықтары бойынша білім алушы студенттер, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мамандары және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қатысты. Орталық жетекшісі Ә.Тәжекеев «Арал маңының егін және мал шаруашылықтарының байланысқа түскен аймағындағы қала мәдениеті (б.д. І мыңжылдығы)» атты жоба бойынша Шіркейлі Қос-асары қалашығындағы жұмыстар, орталықтың ғылыми қызметкерлері С.Ө.Біләлов «Ортағасырлық Жанкент қаласына 2015 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер» және Р.Т.Дәрменов «Шірікрабат археологиялық экспедициясының 2015 жылғы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары» тақырыптарында хабарламалар оқыды. Орталық қызметкерлері негізгі зерттеу жұмыстарын Жанкент және Шіркейлі Қос-асары қалашықтарында жүргізген. Сонымен бірге, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп, сақ дәуірінің Сенгір-там қорымында, Бәбіш-мола 7 қыш өндіретін елді мекенінде және Шірік-рабат қалашығында кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: