Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Атақты сазгер жер үшін соттасып жатыр

Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаев жерге таласып жатыр. Ол қайтыс болған жолдасының жесірін сотқа беріп, марқұмға көзі тірісінде өзі берген жерді еншісіне қайтарып алмақ.  
 

Атақты сазгер жер үшін соттасып жатыр

 

Алматыдағы Әуезов ауданының соты Алтынбек Қоразбаевтың шағымы бойынша істі қарап жатыр.
Белгілі композитор бір жыл бұрын қайтыс болған серіктесі Құлжанов Сырымға өнер мектебін салдыртқан. Кейіннен қалған жерді кәсіпкердің атына жазып берген. «Енді мектеп қолдануға жарамсыз» деген композитор кәсіпкердің жесірінен сот арқылы жерді алуды көздеп отыр.
«Қайтыс болған Құлжанов Сырым салған өнер мектебі қолдануға мүлде жарамсыз. Міне төрт жыл болды. Осы уақыт аралығында қанша шәкірт тәрбиелеп тастаған болар едім. Бұл менің әрі отбасымның кішкентай ғана қарап отырған кәсібіміз. Менікі дұрыс. Адалмын. Ақпын. Мен қазір ақталғаныммен ол бос сөз болып қалады. Сот нүктесін қояды» дейді А.Қоразбаев.
Ал, жауапкердің қорғаушысы Мина Амир Валиева: «Біріншіден, екі рет өткен сот процесіне композитор мен оның заңгері келмеді. Бұл сыйламағандық деп ойлаймын. Екіншіден, бізде нотариус арқылы бекітілген заңды құжат бар. Заңға сүйенсек, біздікі дұрыс. Алтынбек Қоразбаев өз атағын пайдаланып, бізге жала жауып отыр», — дейді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: