Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай туралы Заңына сәйкес орын алуы мүмкін қылмыс, алдын ала тергеуді жүргізу жұмыстары Полиция департаментіне жүктелген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Байкелді Байжан мәлімдеді.
« ҚР Қылмыстық Кодексінің 304 бабы , яғни санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу болып табылады»,-деді Байжан Есенбекұлы.
Олар:
1. санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан жағдайда;
- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығын 3жылға айыру, 2 мың айлық есептік көрсеткіште айыппұл салу, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес айыру жазасы.
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекетте;
- 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айырылу жазасы.
3. Абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер;
- Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығын 3 жылға айыру, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес айыру жазасы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары;
1. айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтауы;