Сондай-ақ, аймақ басшысы «Достық үйінің» құрылыс жұмыстарымен танысты. «Достық үйі» болып қайта жаңғыртудан өтіп жатқан бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр ғимараты облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Жайсан Сыздықовтың жеке меншігінде еді.
Бүгінде жеке кәсіпкер Ж.Сыздықов кинотеатрды ел игілігіне пайдалануға беріп, жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуді өз есебінен қаржыландырды. Ғимараттың жалпы ауданы 1300 шаршы метрді құрайды, тағы да дәл осындай көлемде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Толық қайта жаңғырту жұмыстары 1 шілдеде аяқталады деп жоспарлануда. Жөндеу аяқталған соң мұнда барлық 11 этномәдени бірлестіктер орналасатын болады.