Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАСТАР АТАУЛЫ КҮНГЕ ҮН ҚОСТЫ

ЖАСТАР АТАУЛЫ КҮНГЕ ҮН ҚОСТЫЖаңақорғандық жастар Алғыс айту күніне орай ауданның халық көп шоғырланған жерлерінде базар, сауда орталықтарының алдында үнпарақтар таратты. 
Үнпарақтарды тарату барысында аудан тұрғындарына – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп жариялағанын айта келе «Аталған мерекелік күн – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні»-деп өз ойларын халықпен бөлісті. 
Аталмыш шараны Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперті мен «Жастар ресурстық орталығы» аудандық бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: