ҚАРМАҚШЫДА 1860 БАЛҒЫН ҮШІН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
1-қыркүйек - «Білім күні» мерекесі ауданның барлық мектептерінде салтанатты түрде өтіп, алғашқы қоңырау үні сыңғырлады.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов «Білім күні» мерекесімен құттықтау үшін атбасын Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейге бұрды. Өткенді саралап, шәкірттер мен жиылған көпшілікті білім саласындағы соңғы өзгерістермен таныстырған аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілектерін жеткізіді. Сондай ақ, өткен оқу жылының және Ұлттық біріңғай тест қорытындылары бойынша үлгірім көшін бастап, әріптестеріне үлгі көрсеткен аталмыш оқу ордасының педагогикалық ұжымына алдағы уақытта да сәттіліктер тіледі. Айта кетейік, аудан бойынша биылғы жаңа оқу жылында 13 566 оқушы мектеп партасына отырса, 1-ші сыныпқа қабылданған 1 860 оқушы жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алатын болады. Сондай ақ, 1 сыныпқа арналған оқулықтар түгелге дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 85 педагогтың 71-і арнайы даярлықтан өтті.