Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА БІЛІМ СЫНАҒЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БІЛІМ СЫНАҒЫ БАСТАЛДЫ

 

Бүгін Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицей базасында орналасқан Ұлттық біріңғай тестілеу орталығында 249 бітіруші бағын сынады.
Ал, 3 маусым күні Ақай ауылындағы №99 мектеп базасында Байқоңыр қаласындағы мектеп бітірушілерді қосқанда 205 оқушы арнайы жабдықталған аудиторияларда тест сұрақтарына жауап толтыруға отыратын болады. 
Аталмыш білім сынағына аудан бойынша 454 мектеп бітіруші түлек (76,4%-ы) ҰБТ-ге қатысу үшін өтініш берді. (412-қазақ, 42-орыс сыныбы) №250 мектеп-лицей базасында басталған білім бәсекесінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов, түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі. ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдіргендердің ішінде "Алтын белгіге" үміткер 43 түлек болса, "Үздік аттестатқа" үміткерлер саны 11. Сонымен бірге ауданнан 7 оқушы пәндік олимпиядаларда «үздік» атанып, еліміздегі таңдаулы ЖОО-ның гранттарын жеңіп алса, 19 оқушы Ресей мемлекетінің МИСС университетінде білімдерін шыңдайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: