Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қызылорда» су торабына барып, қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Бас мердігер «CaspianContrctorsTrust» ЖШС жетекшісі Қайрат Ибраев атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Жобаның құны 2 млрд.600 млн. теңгені құрайды. Қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталып, 2022 жылдың аяғында бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл жерде 70- ке жуық қызылордалық жұмыс жасап, 15 техника жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстарына қолданылып жатқан құрылыс материалдарының 90% отандық өнім.
Аймақ басшысы жаңғырту жұмыстарының сапасына аса мән беруді, жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлеуді және жоспарланған мерзімде бітіруді тапсырды.