ҚР «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А. Қайруллаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары П. Сыздықов кент, ауылдық округ әкімдерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен кездесті.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы процесіне бөгет жасайтын кедергілерді жою міндетін қойған болатын. Осы ретте, жаңадан ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативі туралы» Заңы қабылданды. Кездесу барысында аталған заң жан-жақты түсіндірілді. Бұл заңға сәйкес өнімді өндіру, сақтау, қайта өңдеу және өнімді өткізу бағытында кооперация типіндегі сервистік дайындау орталықтары құрылатын болады. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ет, сүт, жем-шөп, бақша-көкөніс өнімдерін мен жүн-тері тауарларын өндіріп отырған майда шаруашылықтарды біріктіру арқылы іске асырылады. Мұндай қадамға барған әрбір шаруашылық мемлекет есебінен субсидия алып, өнімдерін өткізуге, жүйелі табыс алуға мүмкіндік алады. Кездесу барысында шаруашылық жетекшілері сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.