Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚШ-тағы отты құйын әлеуметтік желі қолданушыларын шошытты

Куәгерлер шынымен ерекше және қорқынышты табиғи құбылыстың куәсі болды. Бұл жөнінде 365info.kz жазды. 
Олар жолындағының бәрін жойған отты торнадоны түсіріп алды.  Видеожазба әлеуметтік желілерде жарияланды.
Жазбаны өрт сөндіру автомобилінің кабинасынан түсірген. Өрт шарпыған жазық, отты құйын жай қарағанның өзінде бойға қорқыныш ұялатады.
 - Бұл жердегі тозақ, — деп жазды Twitter-дің Steven деген қолданушысы.
- Ақырзаман деген осы шығар, — деп атап өтті Bob Rosenthal.
Кадрлардың нақты қай жерде түсірілгені көрсетілмеген, бірақ жарияланым авторының айтуынша, бұл бір айдан астам уақыт бойы өрт жалынан сөндіре алмаған, түтіні бұлттардан биік көтерілген Калифорнияда түсірілсе керек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: