Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қамшыбек бастаған. Қазақстан құрамасынан үш боксшы Германиядағы турнирдің жартылай финалында

Бокстан Қазақстан құрамасының үш боксшысы Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде өнер көрсететін Оразбек Асылқұлов ширек финалда германиялық Ани Хаксиллариден басым түсті. 
Ал 63 келіде Ертуған Зейнулинов жергілікті Ассан Хансенді жеңді.
91 келіден аса салмақта Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев франциялық Дини Джамили Абуду Моиндзеден басым болды.
Турнир 14 наурызға дейін жалғасады.
Мұның алдында Қазақстан құрамасының негізгі құрамы Испаниядағы турнирде өнер көрсетіп, бір ғана алтын жеңіп алды. Ол жарысқа Қамшыбек те бару керек еді, алайда, кәсіпқойдағы жекпе-жектен кейін қалпына келіп үлгермеді. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: