Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлер мен прокуратура өкілдерінің кездесуі болды. «Прокурор түсіндіреді» акциясы аясында ҚР Бас прокуратурасының Комитетімен бизнес-қоғамдастық өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Бас прокуратура Комитетінің прокуроры Құралай Канкина кәсіпкерлер үшін маңызды инновациялық жоба «Тексеру субъектілерінің және объектілерінің бірыңғай тізілімі» жобасы мен жаңғыртылған «Бизнес тірегі» жобасын таныстырды.
«Бизнес тірегі» жобасында кәсіпкерлер тексерудің шынайылығын анықтай алады. Ол үшін servis.pravstat.kz сайтына кіріп, негізгі парақшадағы «Бизнес тірегі» модуліне өтуі қажеті. Әрі қарай тексерудің 14 санын теріп, аталмыш тексерудің прокуратура органдарында тіркеу нөмірін алған, алмағандығын тексеру керек. Жобаның ерекшелігі – тексеруге қатысты заң бұзушылықтарды «Бизнес тірегі» порталы арқылы тиісті органдарға хабарлауға болады.
Осылайша кездесу барысында кәсіпкерлер ендігі жерде тексерудің заңдылығын он-лайн режимде өздері де анықтай алатындығы, заңсыз тексеру болған жағдайда құрамында Кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның өкілдері бар мобильді топқа хабарласа алатындығы туралы ақпарат ала алды. Өз кезегінде мобильді топ мәселені орын алған жерге барып тексеріп, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын болады.