Осы аптаның сенбісінде, 16 шілде күні Шиелі ауданында өтетін жасындай жарқырап өткен шоқ жұлдыз, тележурналист Руслан Бөлебайды еске алуға арналған арнайы шараға өткізіледі.
Осыдан тура жеті жыл бұрын жол апатына ұшырап, бақилық болған, жерлесіміз Руслан Әбдісаттарұлы егер ортамызда жүргенде биыл 31 жасқа келер еді. Руслан көзі тірісінде республикалық арналардың танымал бағдарламаларын жүргізіп қана қоймай, әншілік өнерімен, қоңыр үні даусымен де көпшіліке танылған еді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында талай белестерді бағындырып үлгерген тележурналист Руслан Бөлебайдың есіміне 16 шілде сағат: 11.00-де өзінің туып өскен өңірі Шиелі кенті, Шұғыла мөлтек ауданынан көше есімі беріледі. Сондай-ақ, сағат: 19.00-де орталық М. Шоқай алаңында Руслан Бөлебайды еске алуға арналған концерттік кеш өткізіледі. Кеш қонақтары; қазақ эстрада сахнасында өзіндік орны бар, танымал өнер жұлдыздары Майра Ілиясова, Роза Әлқожа, Нұржан Қалжан, Серік Ибрагимовтер өнер көрсетеді.