Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай бүгін Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов ақпарат айдынындағы бір топ маманды қабылдады.
Салтанатты жиында бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс саласында еңбек етіп жүрген мамандық иелері аудан әкімінің Алғыс хатымен және мерекелік сыйлықпен марапатталды. Шара соңында өнерпаздар мереке иелеріне ән-шашуын жолдады.
Аудан басшысы құттықтау сөзінде: "Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Аталған салалардың ел экономикасындағы маңызы ерекше. Өйткені, мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда журналистердің рөлі жоғары болса, телекоммуникацияның заманауи құралдарынсыз, пошта байланысынсыз тұрғындар өмірінің, өндіріс дамуының қалыпты ырғағын көре алмаймыз" - деді.