Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «vip» нөмірлерге сұраныс артты

Еліміз бойынша  «vip» нөмірлерге сұраныс қызылордалық жүргізушілер арасында өте жоғары көрінеді. Жыл басынан бері 562 азамат «крутой нөмірге» қол жеткізген. 


- Өзге аймақтарға қарағанда Қызылорда облысында «vip» нөмірлерге сұраныс артқан. Биыл мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан 600-ге жуық осындай нөмірлер сатылды. Олардың ішінде «001», «007», «777» «707» және «111» сынды нөмірлерге сұраныс ерекше. Кей тұрғындар көлік құралының аймақтық белгісіне сәйкес «011» нөмірін сұрап жатады. Бірақ бұл нөмір ақылы нөмірлердің қатарында жоқ, яғни, сатылмайды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлім басшысы Абзал Төлеухан.
Сондай-ақ, соңғы кезде мемлекеттік белгідегі серияларға да қызығушылық танытатындар көбейген. Бөлім басшысы серия таңдау ақылы нөмірлерді алу кезінде ғана мүмкін болатындығын айтады. Ал, «куртой нөмірлердің» құны айлық есептік көрсеткіштің мөлшері артқан сайын, қымбаттап отыратын көрінеді.  
Жалпы жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімі көлік құралының құжаттарын рәсімдеу бойынша 48 мың 507 қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, 9 мың 384 адам осы бөлімнен жүргізуші куәлігін алған. Осы қызметті көрсету барысында мемлекетке 150 млн. теңге көлемінде баж салығы төленген. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: