Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақшылар «Отбасындағы бейбітшілік» шарасын өткізеді

Сақшылар «Отбасындағы бейбітшілік» шарасын өткізеді«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып табылады.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы 9 - 11 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде дәстүрлі отбасылық құңдылықтарды нығайту және насихаттау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты, сондай-ақ республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, «Отбасы күніне» ұштастырылған «Отбасындағы бейбітшілік» ұранымен дәрістік жоба түрінде профилактикалық іс-шаралары өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және қоғамның адамгершілік қағидаларын жаңарту, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.
«Осыған орай, айта кетерлік жайт егер де сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе құрбыңыздың, туысыңыздың, көршіңіз бен әріптесіңіздің физиологиялық және психологиялық тұрғыдан зәбір көріп жатырғандығынан хабардар болсаңыз дереу түрде Ішкі істер департаментіне 297528, 297709 нөмірлері бойынша немесе Дағдарыс орталығының 262335 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз» облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: