Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢДАР ТҮСІНДІРІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢДАР ТҮСІНДІРІЛДІҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында қабылданған заңдарды түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда. 
Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшуі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібі мен оған түсудің шарттары және мемлекеттік қызметшілерін бағалау қағидалары туралы түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Абдраманов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заңның ережелеріне және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі тетіктеріне тоқталып өтті.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардабын жеткізу мақсатында тематикалық бейнероликтер көрсетілді және мемлекеттік қызметшілер тарапынан түскен бірқатар сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: