Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мамандар 573 қызметті азаматтардың үйіне барып көрсетті 

Қала тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Роза Ким Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қол жеткізді.
Халыққа қызмет көрсету орталығы қалалық №1 бөлімінің маманы Гүлмира Ерімбетова мен қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Дильнара Ахимова 71 жастағы қарттың үйіне барып, төлқұжатын ауыстыру мақсатындағы қызметтерді көрсетті. Құжат дайын болған соң Роза Кимнің үйіне барып, жаңа төлқұжатымен қоса арнайы сый табыс етті. Мүмкіндігі шектеулі қария құжатын қолына алып, мамандарға алғысын білдірді. 
-    Осы айда төлқұжатымның мерзімі аяқталу керек еді. Оны жаңалау үшін ХҚКО-на баратын менде шама жоқ. Содан соң 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, көмек сұрадым. Мамандар үйіме келіп, рәсімдеді. Бүгін, міне, дайын болған жаңа құжатымды үйіме әкеліп берді. Қуанып тұрмын. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарына ерекше алғыс айтамын, - деді ІІ  топ мүгедегі Роза Ким.
Дәл осындай қызметке Тасбөгет кентінің тұрғыны, тыл ардагері Дәмежан Рысмағанбетова да қол жеткізді. Мамандар 85 жастағы қарт ананың құжатын жаңартып, жаңа төлқұжат ұсынды. Ешқайда бармай-ақ, қызмет алған Дәмежан апа мамандарға алғыс айтып, ақ батасын берді. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байқожаев пен басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев аталған қызметтің орындалу барысын бақылап, оң бағасын берді. 
Жалпы жыл басынан бері 1414 байланыс орталығы арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына 736 өтініш келіп түскен. Түскен өтініштердің 609 орындалған. Соның ішінде мамандар 573 қызметті клиенттердің мекен-жайына барып көрсеткен.
Ал, өткен 2021 жылы облыстағы ХҚКО орталықтары 3мың 204 өтінішті 1414 байланыс орталығы арқылы қабылдады. Мамандар 2 мың 428 қызметті азаматтардың үйлеріне барып атқарған. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: