"Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нің Басқарма төрағасы болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қосанов Самалбек Оразбайұлы тағайындалды.
С.О. Қосанов 1972 жылы туған, жоғары білімі бар. 1995 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін "биология және география" мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 27 жыл. Оның ішінде 10 жылдан астам уақыт басшылық лауазымда болған.
Әр уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінің зертханашысы, оқытушысы, деканының орынбасары, 2001-2005 жылдары Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗИ ізденушісі болып жұмыс істеді. 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "қазақстандық Арал өңірінің күріш жүйелерінің тұзды, ескі егістік топырақтарында көкөніс дақылдарының түрлерін таңдау және оларды өсіру технологиясы" тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2007-2012ж.ж.сырттай білім беру деканының орынбасары, 2012-2016ж.ж. "Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер" ғылыми орталығының директоры, 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін факультет деканы, "Жаратылыстану" институтының директоры.
50 ғылыми мақаласы, 3 ұсынысы, 3 әдістемелік құралы, өнертабысқа 4 патенті бар, "Балшекер" қауын сортының тең авторы.