Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Атырау тұрғыны итті көлігіне байлап, жол бойы сүйреп өткен (видео)

Атырау тұрғынын итін көлікке байлап, жол бойы сүйреген. Жүргізушінің ерсі қылығы әлеуметтік желі қолданушыларын шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Видеоны Гүлсім Сабирова есімді әлеуметтік желі қолданушысы жариялады. 
"Құрметті Атырау қаласының полицей басқармасы! Мына сұмдық жайтты тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуларыңызды сұраймын. Оқиғаның күні мен сағаты видеода көрсетілген. Көлік тоқтағаннан кейін одан бір жолаушы түсіп, итті (өліп қалған болуы ғажап емес) машинаның багажнигіне салып, әрекеттерін еш түсіндірместен кетіп қалды", - деп жазыпты ол.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша ҚК-нің 316 "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: