Қызылордада дағдарысқа қарсы бөлінген бюджет қаржсына бақылау күшейтілді
Төтенше жағдай кезеңінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бақылау күшейтілді.
Тиісінше, жасалған жұмыстардың нәтижесінде мемлекет қазынасына бір жарым миллард теңгеге жуық қаржы түсірілді. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатында облыс прокурорының өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Аталған топ ірі компаниялардың салық міндеттемелерін орындауына талдау жүргізді. Нәтижесінде облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 10 қызметкеріне салықтық тексеру жүргізіліп, 352 млн.теңгеге қосымша салық есептелді, оның 200 млн. теңгесі бюджетке түсті.
Жан-жақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Прокуратура органдарымен бюджетке 1,4 млрд.теңге өндірілді.