Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ


«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Отбасы бақыт мекені" атты аймақтық сайыс өтті. Онда қала мен аудандардан келген 10 өнерлі жанұя өзара бақ сынады.
Бірнеше кезеңдерден құралған байқауда кім мықтыны анықтау қазылар алқасынада оңайға түспеді. Нәтижесінде Қалалық «Айқын»бастауыш партия ұйымының атынан сынға түскен Дәуренбековтер отбасы бас жүлдені қанжығасына байлады. 1 орын «Нұр Отан»партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Ақмешіт» бастауыш партия ұйымының Тұрабаевтар отбасы еншіледі. 2 орын Жалағаш аудандық партия филиалының «Шәменов ауылдық округі» бастауыш партия ұйымынан қатысқан Қалжановтар отбасына бұйырды. 3 орынға
Қазалы аудандық филиалы, «Каукей ауылы» бастауыш партия ұйымынан Сексенбаевтар жанұясы тұрақтады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: