Қармақшы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен С.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Ол үстіміздегі жылдың 17 наурызында анасына былапыт сөздер айтқан. Іс материалдары бойынша. құқық бұзушы анасы С.А.-ға сыйламаушылық көрсетіп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы іс-әрекеттерді жасаған. Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған осы баппен 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.