Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл Сыр елінде 3000-нан астам іс-шара өтеді


Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 283 жоба енгізіліп, 2000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Жеке компаниялар, демеуші азаматтар мен меценаттар есебінен қаржы тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
- «Болат Өтемұратов қоры» жеке қоры 2 млрд теңгеден астам қаржыға аз қамтылған көп балалы 100 отбасыға арналған 100 үйдің құрылысын, «ҚазГерМұнай ЖШС БК» құны 1.7 млрд. теңге болатын «Жастар орталығы» құрылысын, Бекжанов Зарқұм есімді азамат Қармақшы ауданында балаларға арналған инклюзивті медициналық орталық, «Абай-Дәулет» ЖШС балалар ойын алаңын және «Асар» әдісімен «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілері ұйымдасып, көпбалалы аналарға бірнеше үй салып берген", - деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
Сонымен бірге, Сыр өңірінде дүниеге келген әдеби, мәдени және тарихи мұраларды жаңаша көзқараста қайта зерделеу, поэзия, жыр-мұра, «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабы мен «Ізденіс» жасыл академиясының жастарды бау-бақша өнімдерін өсіру арқылы еңбекке баулу жобалары енгізілді. Алдағы уақытта осы Академияның тәжірибесін облыстағы барлық мектептерге тарату көзделіп отыр. Қазір балалардың дене еңбегімен аз шұғылданатыны жасырын емес.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жоба аясында Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру мақсатында 10-нан аса шет мемлекеттермен байланыс орнады.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына бағдарламаның және қоғамдық сананы жаңғыртудың басым бағыттарын қамтыған түрлі форматтағы 204 шара енгізілді.
Аталған жобалардың аясында 2020 жылы өңірде 3000-нан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, БАҚ-та 10 000-нан астам материалдар жарияланатын болады.
Еліміздің бәсекеге қабілетті, Біртұтас Ұлт болуы үшін қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын нақты іске асыруға бағытталған жұмыстар әрі қарай жүйелі түрде жалғасатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: